pkso

1542.jpg   34357394    YouTube Button   KZ  RU

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институты АҚШ Елшілігінің RELO-мен бірлесіп «Ағылшын тілін оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында халықаралық сегіз сағаттық тренингтер топтамасын өткіз

Ресми іс-сапармен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында болып, курс тыңдаушыларымен к

«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсының қорытындысы бойынша жүлдегер ұстаздарды марапаттау рәсімі «Ұстаздар үйінде» өтті (21.12.2018).

                           
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

«Айдың үздік қызметкері»

User Rating:  / 0
PoorBest 

439ff43b-4ad8-4744-adaf-b91274c8561a.jpgАйдың үздік қызметкері

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ мамыр айының қорытындысымен «Айдың үздік қызметкері» байқауы жеңімпазы анықталды.  Конкурс қызметкерлердің мансаптық өсуін ынталандыру, олардың кәсіби деңгейін арттыру, қызметкерлердің кәсіби белсенділігін арттыру, белсенді, жоғары кәсіби, бастамашыл қызметкерлерді қоғамның кадрлық резервіне енгізу мақсатында өткізіліп отырған бұл конкурсқа барлық қызметкерлер ұйым басшылығының, құрылымдық бөлімше басшысының ұсынуы немесе қызметкердің жеке өтініші негізінде қатысады.

Мамыр айында комиссия шешімімен «Айдың үздік қызметкері» байқауын өткізу тәртібі туралы ереженің критерийлеріне сәйкес институттың Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасында аға оқытушы Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Петрова Лариса Борисовна лайықты деп танылды. 

Петрова Лариса Борисовна, 1964 жылы 15 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Алматы қаласындағы №103 орта мектепті, 1986 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітіріп, ағылшын және француз тілдерінің мұғалімі мамандығы бойынша диплом алды.

2006 жылдың 01 тамызынан бастап «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады. Жаңартылған бағдарлама бойынша курс тренері. Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеуші. ОА өңіріндегі көптілді білім беру бойынша ЕҚЫҰ сарапшысы. 2020 жылдан бастап орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен Қазақстан, Қырғызстан және Монғолия жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін «Пән мен тілді кіріктірілген оқыту әдістемесінің базалық негіздері» (авторларының бірі) курсын өткізеді.

Конкурстық негізде АҚШ елшілігінің АКТ зерделеу жөніндегі аймақтық ағылшын тілі кеңсесінің жобасына қатысу грантының иегері. TESOL курсын бітіріп, «TESOL - Advanced Practitione» санатындағы маман.

Әріптесімізді «Айдың үздік қызметкері» құрметті атағына нағыз лайықты қызметкер ретінде танылған жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңізге жеміс, деніңізге саулық тілейміз.

Ш. Битен

_Куантай.jpg

 

Елге келген індетпен күресте еңбегі ерекше!

«Айдың үздік қызметкері» байқауының 2021 жылғы наурыз айының қорытындысы шығарылып, конкурсты өткізу тәртібі туралы ереженің критерийлеріне сәйкес, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының арнайы құрылған комиссия шешімімен үздік қызметкер атағына Әкімшілік- ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарманың бас инженер міндетін атқарушы Балгожаев Куантай Ашимович лайық деп танылды.

Балгожаев Куантай Ашимович 1968 жылы 30 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Сергеевка ауылында дүниеге келген.

1975 жылы Жангелді атындағы орта мектепке барып 1985 жылы 10 жылдық мектепті тәмамдаған.

1988-1994 жылдар аралығында Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтына түсіп, малдәрігерлік мамандығын бітірген.

1997-1999 жылдар аралығында Абай атындағы мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы бойынша білімін жетілдірген.

Еңбек жолын әр салада атқарып келген Куантай Ашимович қай салада болмасын кәсібіне адал, ісіне тыңғылықты жан. Ұжымда және кәсіптестер арасында сый құрметке ие.

14.03.2016 жылдан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ шаруашылық жағын бірнеше жыл басқарған кәнігі маман институттың «Ұстаздар Үйі» атанған киелі шаңырағын көтергенде бастаған ерекше белсенділігін әлі күнге бір сәт те бәсеңсіткен емес. Қызметі өссе де қарапайымдылығын жоғалтпаған қайырымды жан институттың техникалық қызметкерлеріне қамқор да, талапкер басшы қалпынан таймай келеді. К. Ашимовичтің осы талапшылдығы арқасында «Ұстаздар Үйіне» бас сұққан әрбір жан, әсіресе осында білімін жетілдіруге келген ұстаздар қауымы ғимараттың тазалығына таң қалысып жатады. Айтса айтқандай, шашасына шаң жуытпас тазалықты сүйетін еңбекқор жанның елге келген індетпен күресте еңбегі ерекше! Жылдан-жылға ауысып, ізімізден қалмай келе жатқан бұл індетпен күресте дәрігерлердің жөні бөлек шығар, дегенмен осы «майданда» тазалыққа жауап беретін техникалық қызметкерлердің еңбегі көп жағдайда ескерілмей жатады. Осы бір қиын кезеңде еңбектері еселенген әріптестеріміздің еңбегін ұжымдағы әрбір қызметкер тазалықтың лебі ескен ғимаратымыздың ауласына кіргеннен-ақ, жолай ілескен «вирус» деген пәледен тазарып қалғандай күй кешетінін тілге тиек етеді. Бұл дегеніңіз К. Ашимовичтың басшылығымен таңсәріден тынбай еңбек еткен техникалық қызметкерлердің ерен еңбегі!

Ендеше, адал еңбек ешуақытта ескерусіз қалмаса керек! «Үздік» деген атаққа әрқашанда лайықтысыз, Куантай Ашимович!

Ш. Битен

Dbrf

Кайдакова Виктория Юрьевна – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, халықаралық санаттағы тренер.

ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссиясы Кеңсесінің шақыруы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында билингвалды және көптілді білім беруді енгізу бойынша жоба жұмысын басқарады.

ЕҚЫҰ-ның билингвалды, көптілді білім беру бағдарламалары бойынша дәріскер-тренер болып табылады;

- ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру жөніндегі тренер;

- бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған жаңартылған бағдарлама бойынша тренер;

«Өзін-өзі тану»адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша тренер;

2016 жылдан келесі эксперименттік алаңдардың ғылыми жетекшісі:

- бастауыш мектептің оқу үдерісіне инновациялық білім беру технологияларын апробациялау бойынша;

- мектепке дейінгі ұйымдардың ұйымдастыру-оқу қызметіне ертегі терапиясын енгізу бойынша.

Мектептегі квесттер мен кейстерді жасау және өткізу бойынша бағдарламалар мен сабақтардың, функционалдық сауаттылық және 4 к моделін енгізу бойынша тапсырмалардың әзірлеушісі болып табылады.

Қазіргі уақытта білім беру процесін геймификациялау бойынша «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы Квесттер» тақырыбында курстар жүргізуде.

 

a16e816f-ecc4-456e-9dff-2fb55cc09818.jpg

Айдың үздік қызметкері 

«Айдың үздік қызметкері» байқауының 2021 жылғы қаңтар айының қорытындысы шығарылып, конкурсты өткізу тәртібі туралы ереженің критерийлеріне сәйкес, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының арнайы құрылған комиссия шешімімен үздік қызметкер атағына Қаржы бөлімнің бас маманы Дуйсенова Салтанат Елубаевна лайық деп танылды.

Дуйсенова Салтанат Елубаевна 1989 жылы 10 ақпанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Қ. Сарымолдаев атындағы мектепке барып, 2006 жылы 11 жылдық мектепті ойдағыдай бітіріп шықты. Мектеп бітіре салысымен жоғарғы оқу орнына түссем деген таудай талабы жолында білімге қанат қағып, 2006-2010 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) экономика факультетінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білімін жетілдіреді.

Еңбек жолын 2012 жылдың 01 қарашасынан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ Қаржы бөлімінде бастаған жас маман күні бүгінге дейін осы бөлімде қызмет етіп келеді. Өз кәсібіне адал, әр ісіне тыңғылықты жас әруақытта білімін жетілдіре түсіп, тәжірибе жинақтаудан бір жалыққан емес. Ол жанұя жанашыры, сүйікті жар, қамқоршы ана, сүйкімді келін, сыйлы әріптес!