pkso

1542.jpg   34357394    YouTube Button   KZ  RU

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институты АҚШ Елшілігінің RELO-мен бірлесіп «Ағылшын тілін оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында халықаралық сегіз сағаттық тренингтер топтамасын өткіз

Ресми іс-сапармен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында болып, курс тыңдаушыларымен к

«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсының қорытындысы бойынша жүлдегер ұстаздарды марапаттау рәсімі «Ұстаздар үйінде» өтті (21.12.2018).

                           
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

«Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» тақырыбындағы республикалық on-line семинар

User Rating:  / 0
PoorBest 

2018 жылғы 30 мамырда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» тақырыбындаon-line режимінде республикалық семинар өткізді.

Семинарға қатысушылар: орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер, педагогтар, білім беру бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының өкілдері және осы мәселеге қызығушылық танытқан тұлғалар.

Республикалық on-line семинарға қатысушылар саны: 47 адам.

Семинар мақсаты: білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелік үрдісіне Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын енгізу жолдарын қарастыру.

Міндеттері:

- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылап, негізгі бағыттарын айқындау;

- болашақ ұрпақты рухани-адамгершілік, патриоттық рухта тәрбиелеудің ерекшеліктерін анықтау;

- тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу және оны дамыту жолдарын талқылау, ұсыныстар қабылдау.

Семинар жұмысының негізгі бағыттары:

- «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту» – сапалы жаңа білім беру жүйесін қалыптастырудың және тез дамудағы интеллектуалды қоғам құрудың негізі.

- Рухани өрлеу, рухани жаңғыру – Отанымызды гүлдендірудің негізі.

- «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы –отансүйгіштікке, мәдени және рухани құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба.

Семинар барысында республика бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының өкілдері, ғалымдар және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» қызметкерлері баяндама жасады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша республикалық on-line семинардың қатысушылары ұсыныстар қабылдады.