pkso

KZ        RU

Городской конкурс исследовательских работ «Я познаю мир»

                

Робототехника

Полифония языков в учебном процессе общеобразовательной школы: проблемы и перспективы

YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Образ учителя

 Құттықтауымызды қабыл алыңыз! 

«Менің алғашқы ұстазым!» бірыңғай республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан белсенді ұстаздар туралы сыр толғайды   

Жаққан ғылым шырағын... 

(«Менің алғашқы ұстазым!» республикалық акция шеңберінде) 

06Үш әріптен құралған Ана деген сөзде қаншалықты құдірет болса, Ұстаз деген сөздің де соншалықты қасиеті мол. Адамды өмірге әкелетін ана, ал адамды білімділікке, іскерлікке, парасаттылыққа жетелейтін ұстаз. Бұл ұғымды ұлағатты тұлғалар, атақты ғалымдар, табысты кәсіпкерлер, жалпы адамзат мойындап, өз ұстазы алдында бас иеді. Кез-келген адам өз ұстазын еске алғанда жүрегі елжіреп, кеудесінде сағыныш сезімі пайда болады. Осындай есімін дәріптеп, құрмет тұтатын ұстаздарымыздың қатарында Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Найманбаева Күланда Қадыржанқызын мақтанышпен атап өтуге болады. Р.Нұртазина, Ә.Дүйсенова сынды ұлағаты мол, танымы терең ұстаздардан тәлім алған К.Қадыржанқызының ебек жолына үңіліп қараған сайын ол кісінің белсенділігі мен ізденімпаздығының куәсі бола бересіз. 

Ол кісі Институтта оқып жүрген кезінде (ҚазҰПУ, 3-курс) ССРО Президумы бұйрығымен «Тың жерді игергені үшін» медалімен марапатталады.1965-1968 ж. КСРО Ғылым академиясының Сібір бөлімінде «Генетика және цитология» мамандығы бойынша ғылыми зерттеу институты базасында ғылыми ізденістермен шұғылданды.

 Алматы медициналық институтында оқытушы, Қазақ ССР оқу министрлігінде биология пәнінен инспектор болды. Инспекторлық қызметті атқара жүріп «Биология сабақтарында оптимальды оқыту» әдістемелік құралын жазды. КСРО педагогика ғылымдары академиясының «Оқытудың мазмұны мен методикасы» институты мен бірлестікте  Талғар қаласындағы №3 орта мектептің биология пәні мұғалімі Е.А.Очкурдың ұстаздық жұмысын зерделеді. Әдіскер мұғалімнің іс-тәжірибесін таратуды Қазақ ССР оқу министрлігінің коллегиясына ұсынды, озық педагогикалық тәжірибе мақұлданды. К.Найманбаеваның пән мұғалімінің іс-тәжірибесін коллегияда таратуы бұрын-соңды болмаған жаңалық болды. Осы іс-тәжірибе туралы «Ұстаз өмірде шыңдалады» тақырыбында материал жарияланды. 

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 орта мектепте мұғалім, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры болып еңбек еткен (1979-2000) жылдары білім сапасын арттыру мақсатында ұстаздардың кәсіби-әдістемелік шеберліктерін жетілдіруге жағдайлар жасады. Пән мұғалімі ретінде оқушыларға жан-жақты, ғылыми негізде берген білім нәтижелерін оқушылары көрсете білді. «Алтын белгі» иегерлері А.Айдарқұлова, Л.Қайыпова биологиядан олимпияда жеңімпаздары болды.   К.Қ.Найманбаева білікті ұстаз ретінде «Қазақстан мектебі», «Биология және сауаттылық негізі» т.б. ғылыми-педагогикалық басылымдарда ақылдастар кеңесінің мүшесі болды. Қала әкімінің «Үздік мектеп» байқауында жүлделі орын алды.

К.Найманбаева халықтық педагогика негізінде оқушыларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, ізгілікке тәрбиелеуді үнемі назарда ұстады. «Мектеп-азаттықтың ошағына айналсын» тақырыбында Шығыс әйелдері Ассоциясы ұйымдастырған Халықаралық конференцияда іс-тәжірибесінен жасаған  баяндамасы  Ғ.Мүсіреповке арналған «Заманның заңғар тұлғасы» және дүние жүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы қарсаңында «Өткенде өнеге көп» атты еңбектері бұған дәлел.

Республикалық мұғалімдер съезіне, Мәскеудегі ІІ Бүкілресейлік жаңа типті мектеп директорларының слетіне және ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Қазақ мектебі: бүгінгі жайы және даму болашағы» конференциясына делегат болды, баяндамалар жасады.

Гуманитарлық бағытта оқытатын гимназияның оқу бағдарламасын жазуда К.Найманбаева «Сорос-Қазақстан» қорының грантына ие болды (1995). Оқушыларға сапалы білім беруде және педагог кадрлардың құзіреттілігін өсірудегі іс-әрекетте жеткен жетістіктері бағаланып «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілді (1996).

2001-2010 ж. Алматы қаласы білім беру мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында директордың оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары қызметін атқарды. Бұл міндетті орындау барысында «Нәтижеге бағытталған білім беруді басқару», «Мектеп дамуындағы стратегиялық бағыттар», «Оқытудың интербелсенді әдістері» т.б. білім берудегі жаңашылдықты негізге ала отырып қызмет атқарды.

  К.Қ.Найманбаева – кемелденген шығармашыл ұстаз ретінде және Алматы қаласының жаңашыл ұстаздар тобының жетекшісі ретінде Елбасы Н.Назарбаевпен кездесуде болды (2005 ж.). «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ профессоры Күланда Қадыржанқызының «Білім берудің жаңа жүйесінде мектепішілік әдістемелік жұмыста мұғалімнің кәсіби біліктілігін жетілдіру» әдістемелік құралының маңызы зор. Білім беру мекемесінде оқу-әдістемелік жұмысты ғылыми негізде ұйымдастыру мен оқушылардың білім сапасын арттыруда, оқу үрдісіне инновациялық қызметті ендіруде мектепішілік  әдістемелік жұмысты жүйелілікпен жүргізу – талаптың қатаң сақталуына, жұмыстың сапалы орындалуына мүмкіндік береді.

«45 жыл ұстаз болсаң да 45 минут сабағыңа дайындал!», – деген қағиданы берік ұстанатын К.Қ.Найманбаева 80-нен астам әртүрлі деңгейдегі ғылыми жұмыстардың авторы. Ұстаздардың ұстазы – Күланда Қадыржанқызы өлшеусіз еңбегінің арқасында «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі» иесі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен, «Еңбек ардагері медалімен» марапатталды. Қалалық әкімшілік пен Қалалық білім басқармасының көптеген марапаттауларына ие болған ардақты ұстазымыз Күланда Қадыржанқызын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күнімен  құттықтайды.

«Менің алғашқы ұстазым» бірыңғай республикалық акциясын өткізу аясында жігерін жасытпай, қиындықтан тайсалмай, білім саласын дамыту жолында табандылықпен еңбек етіп жүрген Күланда Қадыржанқызының ұстаздық ұлағатын шәкірттері, бүгінгі әріптестері үлгі тұтады.

 Перуза Өзенбекқызы,

 Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ