pkso

KZ        RU

Городской конкурс исследовательских работ «Я познаю мир»

                

Робототехника

Полифония языков в учебном процессе общеобразовательной школы: проблемы и перспективы

YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Құрметті «Алматы ұстазы/Учитель Алматы» журналының жазылушылары және оқырмандары!

Әр тоқсанда бір рет шығатын Республикалық ақпараттық-әдістемелік журнал редакциясы жаңа жылда жаңа белестерді бағындыруына тілектестігін білдіре отырып, алдағы уақытта білім беру саласының басты жаңашылдық қадамдарын жариялап отыратынын хабарлайды.

«Алматы ұстазы/Учитель Алматы» журналы 2019 жылдан бастап уақыт талабына сәйкес авторлармен тығыз қарым-қатынасты сақтай отырып, электрондық форматта шығады. Журнал «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Алматы қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының сайтында электрондық форматта жеке парақшаға орналастырылады. Төмендегі сілтеме бойынша оқырмандар кез келген уақытта ешқандай кедергісіз PDF нұсқасын жүктеп алуына болады.

Сілтеме: http://almaty-pkso.kz/index.php/kz

Журнал ғалымдардың, педагогтердің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру жүйесінің оқытушылары мен тренерлерінің, жалпы еліміздегі мұғалімдердің озық тәжірибелерін таратуға бағытталады.

«Алматы ұстазы/Учитель Алматы»журналының рубрикалары:

1. Білімдік саясат ● Образовательная политика

2. ТағылымдамаТеория

3. Көптілді білім●Полиязычное образование

4. Білім берудегі жаңашылдықИнновации в образовании

5. Көптілді білім●Полиязычное образование

6. Ұстаз шеберханасы ● Мастерская учителя

7. Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ● Дошкольное воспитание и обучение

8. Тәрбие және әлеуметтену ● Воспитание и социализация

9. Келбет ●Персона

10. Іс-шара ● Мероприятия

«Білімдік саясат ● Образовательная политика» рубрикасында мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша филиал қызметкерлерінің, қала мұғалімдерінің, Қазақстанның және жақын шекаралас ел авторларының тәжірибелік мақалалары жарияланады.

«Тағылымдама Теория» рубрикасындаИнституттыңғалым-педагогтері мен Қазақстанның және жақын шекаралас елдердің ғалымдарының ізденіс нәтижелері жарияланады.

«Көптілді білім ● Полиязычное образование» рубрикасында көптілді білім берудің тиімді әдістері туралы мақалалар жарияланады.

«Білім берудегі жаңашылдық Инновации в образовании» рубрикасында тренерлердің, мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру мекеме мұғалімдерінің және ТжКБ жүйесі педагогтерінің мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізуге қатысты материалдары жарияланады.

«Ұстаз шеберханасы ● Мастерская учителя» рубрикасында мектепке дейінгі білім, орта білім, кәсіптік білім беру жүйесінің мұғалімдері шығармашылық ізденістерімен, сабақты оқыту үлгілерімен, озық тәжірибелерімен бөліседі: эссе, шеберлік-сыныптары, шығармашылықжұмыстар, сыныптан тыс жұмыстар жарияланады.

«Тәрбие және әлеуметтену ● Воспитание и социализация» рубрикасында Рухани жаңғыру бағытында Отанды сүйюге, туған жерді аялап, тәрбиелік мәні жоғары асыл дәстүрлерімізді дәріптеуге арналған материалдар жарияланады.

«Келбет ● Персона» рубрикасында білім беру саласында елеулі еңбегімен танылған ұлағатты ұстаздар туралы мақалалар жарияланады.

«Іс-шара ● Мероприятия» рубрикасында институт қабырғасында өткізілетін қалалық, республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар туралы және лауазымды қонақтар мен шетелдік әріптестеріміздің ресми іс-сапары туралы ақпараттар жарияланады.

Назарларыңызға! Біздің басылымға жіберген барлық материалдар авторлық редакциямен жарияланады.

Білім саласындағы әріптестерді ынтымақтастықпен бірлесіп еңбек етуге шақырамыз!

«Алматы ұстазы/Учитель Алматы» редакциясы

Оқырмандарға!

Республикалық ақпараттық-әдістемелік«Алматы ұстазы/Учитель Алматы» журнал редакциясы сіздерді үздіксіз қарым-қатынаста бірлесіп еңбек етуге шақырады. Біз сіздерден тағылымы мол мақала, қызықты ақпараттар, білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған өзекті туындылар күтеміз. Ақпараттарды төмендегі электрондық почталарға жіберуге болады: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефоны: 3824287

Авторлық мақалаға қойылатын талаптар

Мақала тыңғылықты, сауатты жазылуы тиіс. Мәтінде грамматикалық, стилистикалық қателер жіберуге болмайды.

Мақаланы жазу құрылымы

  • Алғысөз;
  • Негізгі бөлім;
  • Қорытынды (рефлексия).

Мәтінде міндетті түрде көрсетілуі тиіс

  • Автордың аты-жөні, тегі (толық);
  • Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы;
  • Мекеменің толық атауы;
  • Автордың JPEG форматта суреті;
  • Мақалада көрсетілген сызбалар мен диаграмма (Word, Excel, PowerPoint т.б.)жасалған программаға қосымша түпнұсқасы жіберілуі тиіс;
  • Дефисті сызықшаның орнына (-),алсызықшаны (–) дефистің орнына шатастыруға болмайды;
  • Дефистің арасында бос орын(пробел)қойылмай, біріктіріліп жазылады;
  • Сызықшаның екі жағынан да бос орын қойылады;
  • Нөмір (№) белгісінен соң бір бос орын соғылады;
  • Сөз арасында бір бос орын соғылады;
  • Тыныс белгілерінің алдынан бос орын қойылмайды, соңынан бос орын соғылады. Екі және одан да көп бос орын соғылуы қате болып есептелінеді;
  • Тақырыбы мен пайдаланған әдебиеттер тізімін қосып есептегенде мақаланың көлемі 7 беттен аспауы керек.

Мақаланы қалыпқа келтіру талаптары:

  • Файл – MicrosoftWord;
  • Шрифт – TimesNewRoman;
  • Қаріп өлшемі – 14 pt;
  • Бет өлшемі – А4;
  • Түзету – ені бойынша;
  • Қатар аралық интервал – біреулік;
  • Беттің жиек өлшемдері – жоғары және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 2 см, сол жағынан – 3 см;
  • Азат жол – 1, 25 см.

БІЗ СІЗДЕРДЕН ХАТ, ХАБАР, БАҒАЛЫ ҰСЫНЫСТАР КҮТЕМІЗ!