pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Оқытушылардың кәсіби дағдылары мен құзыреттерін дамыту

User Rating:  / 0
PoorBest 

29.07.2020-442020 жылдың 28 шілдесінде қашықтықтан оқыту форматында жалпы білім беру циклі пәндері оқытушыларының біліктілігін арттырудың үш күндік бағдарламасының алғашқы күні өтті. Бағдарлама ҚР БҒМ тапсырмасы бойынша әзірленген. Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы.

Бағдарламаның модераторы– Кульгильдинова Тулебике Алимжановна, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқу-әдістемелік жұмыстар

жөніндегі проректоры, п.ғ.д., профессор.

Мақсаты– ҚБТ іске асыру шеңберінде блоктың ЖБП пәндері бойынша оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттерді дамыту.

Бағдарламаның қашықтықтан оқыту міндеттерін практикалық іске асыру бойынша қызықты материалдармен ақпараттық қанықтылығын атап өту маңызды.

Осы бағдарлама аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары, п.ғ.к., доцент Халитова Ильдана Ильдархановна«Қазіргі шет тілі мұғалімінің тиімді кері байланыс дағдылары» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндаманың негізгі идеясы – шет тілі мұғалімі тиімді кері байланыс дағдыларын игеруі керек, өйткені оқушыларды жаңартылған орта білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жағдайында оқушылардың жетістіктерін күнделікті қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру қажет, оған кері байланыс кіреді. Бұл әр оқушының қалыптастырушы бағалау сапасына әсер ететін мұғалімнің кері байланысының тиімділігі екенін атап өткен жөн. Қалыптастырушы бағалаудың өзі Қазақстан Республикасында орта білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасындағы негізгі буындардың бірі болып табылады.

Бірінші күннің соңында сауалнама жүргізілді, нәтижесінде бағдарламаның барлық қатысушылары (60-тан астам адам) одан әрі оқуға ниет білдірді. Бағдарламаның мақсатты аудиториясы – шет тілі оқытушылары болғандықтан, пікірлер негізінен ағылшын тілінде айтылды.

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ осы бағдарламаның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғыс білдіре отырып, бағдарламаның қойылған мақсаттарына табысты қол жеткізуін және одан әрі дамуын тілейді.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ