pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

«Көркем еңбек» пəні курстары

User Rating:  / 0
PoorBest 

27.07.2020Бүгін, 27 шілде күні «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ оқу жоспарына сәйкес «Көркем еңбек» пəні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы басталды. Курс жетекшісі Жаримбетова Гульсара Касымбековна.

Бағдарлама «Көркем еңбек» пəні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасын зерделеуге бағытталған. Курстың негізгі мақсаты: пəн бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту жəне критериалды бағалау жүйесін енгізу мəнмəтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру,

педагогикалық тəсілдер мен оқу материалдарын, критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Алғашқы сабақ біліктілікті арттыру курсының мақсатын шолудан, ғылыми əдебиетті талдаудан басталды. Мұғалімдер пəн бойынша Оқу бағдарламаларының құрылымын, педагогикалық тəсілдерді, бағалау тетіктерін, аспектілерін қарастырды.

Жоспар бойынша алдағы сабақтарда мұғалімдер Оқу бағдарламаларының мазмұнын жəне пəн бойынша оқу жоспарларын игеретін болады. Күнделікті сабақтардың соңында мұғалімдер рефлексия жасап, оқу мақсаттарына жетуді мониторингілеу мақсатында тапсырма орындайды.

Оқу жоспарына сəйкес аталған Бағдарлама шеңберіндегі оқу процесі Дэвид Колбтың төрт сатылы эмпирикалық моделінің негізінде іске асырылады. Сондай-ақ оқу барысында мұғалімдер ықшамсабақ процесінде «эксперимент» жүргізетін болады.

Ш. Битен