pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту

User Rating:  / 0
PoorBest 

123422.06-03.07.2020 жылы аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ «Интернаттық ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсын өткізді.

Курсты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ тренері Мусина Сара Смановна жүргізді. Курс барысында арнайы мектеп-интернат ұйымдарындағы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігіне қатысты мәселер қарастырылды. Әсіресе интернаттық білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқыту ерекшеліктері, тәрбие жұмысының құрылымы, заманауи тәсілдері мен негізгі бағыттары мен интернаттық білім беру ұйымдары жағдайында тәрбие

жұмысын жоспарлау туралы сапалы да қызықты сабақтар тыңдаушылар көңілінен шықты.

Тренер Мусина Сара Смановна мектеп-интернат ұйымдарында жүргізілетін жұмыс құрылымы туралы егжей-тегжейлі түсіндірумен қатар, тыңдаушыларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, ұсттаздар білімін таразылай да білді. Теориясын өте жақсы меңгерген, білікті тренердің арқасында тыңдаушылар өз білімдерін одан әрі шыңдай түсті.

Курстың басты ерекшелігінің өзі – бұрынғы білімнің жаңа біліммен ұштастырыла оқытылуы болды. Тәжірибесі мол тренердің арқасында курстағы сынақ көрсеткіші де жоғары нәтижеге жетті.

Ш.Битен