pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Оқы, оқы және оқы

User Rating:  / 0
PoorBest 

08.07«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» дегенді ғылыми педагогиканың негізін қалаушы К. Д. Ушинский жазған. Бұл шынымен де солай. Осы күндері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ базасында қаламыздың орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері онлайн режимде өз біліктілігін арттыруда жүйелі жұмыс жасауды жақсы жолға қойған. Олардың жаттықтырушысы кафедра меңгерушісі, п.ғ. к., доцент А. Т. Арзиева.

Бүгін олар «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында әр түрлі жанрдағы (мысал, ертегі, әңгіме) шығармалармен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбын қарастырды.

 

Онлайн сабақ барысында Алия Тохтамысовна әрбір әдеби жанрдың өзіндік ерекшеліктері бар екеніне мұғалімдердің назарын аударды. Мәселен, мысал дегеніміз – аты аңызға айналған ежелгі грек мысалшысы Эзоп негізін қалаған адамгершілік, сатиралық сипаттағы өлең немесе прозалық әдеби шығарма.

Мұғалімдер өз жаттықтырушысының онлайн сабақтарын қызығушылықпен тыңдайды, өз тәжірибесімен бөліседі және өз пікірлерін белсенді жазады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қ. бойынша ПҚ БАИ