pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы негізгі идеяларын пән мазмұнымен интеграциялау

User Rating:  / 0
PoorBest 

 

123

 03.07.2020ж. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған республикалық вебинарға әріптесіміз Абдибаева Сәуле Кенжебековна қатысып қайтты.Вебинарда рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы, «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері, заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері, рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері, сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жолдары жан-жақты қарастырылды.

 

«Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының негізгі идеяларын пән мазмұнымен интеграциялап оқытудың өзектілігі» тақырыбындағы бұл республикалық ғылыми-әдістемелік вебинарда қарастырылған өзекті мәселелерді әріптестеріне жеткізе білген Абдибаева Сәуле Кенжебековна курс сабақтарын жүргізе отырып, өз білімін жетілдіруден жалыққан емес.

Республикалық ғылыми-әдістемелік вебинарға қатысқандарға «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты сертификаттар табыс етті.

Ш. Битен