pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Әріптесіміз әдістемелік онлайн семинарда

User Rating:  / 0
PoorBest 

3006202029.06.2020 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Терминологиялық сөздіктер: сараптау және сапасын арттыру мәселесі» атты әдістемелік онлайн семинар болып өтті.

Мемлекеттік тілге қатысты аса маңызды мәселелерді қарастырған бұл іс-шараға «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Ақбота Қоңырова қатысты.

«Ұстаздар үйінің» аға оқытушысы Ақбота Тұрағұлқызы салиқалы жиында айтқан тұжырымды ой-пікірі іс-шараға қатысқандар тарапынан қолдау тапты. Өзінің онлайн-дәрісін: «Әр пәннің өзінің жеке сөйлеу стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Академиялық тіл пән мазмұнын меңгеру, ойлау және осы пәнде қолданылатын ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін жақсартуға арналған басты құрал болып табылады», – деп бастаған әріптесіміз Ақбота Тұрағұлқызы Қоңырова жаңа терминдерді бала ұғымына қалай тез сіңіруге болатыны жөнінде алқалы жиында нақты мысалдармен қызықты әңгімелеп берді.

Ш. Битен