pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Сапалы білім берудің әлемдік табелі

dJZe2019 жылдың 13 мамырында Қырғыз Республикасының аймақтық және республикалық біліктілікті арттыру институты басшыларының делегациясы «Мектептегі білім беру жүйесінің сапасын арттыру жағдайында педагогтардың кәсіби дағдыларын дамыту» курсында «Мектептегі білім беру жүйесінің сапасын анықтау. PISA, TIMSS халықаралық зерттеу: мақсаты, форматы, бағалау критерилері» атты 8 сағаттық тренингке қатысты. Аталған шараны Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент И. И. Халитова өткізді.

 

Сабақтың мақсаты – тыңдаушыларды сапалы білім берудің әлемдік табелі деп аталатын білім беру сапасының негізгі өлшемдерімен таныстыру.

Сапалы білім берудің әлемдік табелі – бұл әлемдегі білім беру жүйесін зерттеуге бағытталған халықаралық зерттеулердің шартты атаулары. Зерттеудің мәні – үздік тәжірибені, ең тиімді білім беру жүйесін іздеу. Ең танымал және халықаралық зерттеулер – PISA, PIRLS, TIMSS. Осы зерттеулерге қатысу елдің білім беру саласындағы халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін куәландырады.

Сабақ барысында тыңдаушылар функционалдық оқу сауаттылығы бойынша тапсырмаларды шешуге, сондай-ақ функционалдық оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалар әзірлеуге тырысты.

Тренингте М. Барбердің жақсы білім беру формуласын талқылау қызықты болды: «Жақсы білім беру = Э (З+М+Л)», мектеп жүйесіндегі үш озық принцип:

1) оқытушыларға лайықты адамдарды тарту (білім беру жүйесінің сапасы онда жұмыс істейтін адамдардың сапасынан жоғары болмауы тиіс));

2) Тиімді педагогтарды дайындау (оқушылардың нәтижелерін жақсартудың жалғыз жолы оқыту сапасын жақсарту болып табылады);

3) жоғары білікті оқытуға қол жеткізе алатындай жүйе құру және әрбір бала үшін атаулы қолдауды қамтамасыз ету (жүйе нәтижелілігінің жоғары деңгейіне жетудің жалғыз жолы – әрбір оқушының деңгейін көтеру).

Талқылау барысында тыңдаушылар білім беру сапасын және білім беру жүйесін жетілдірудің қажетті шарттарын өз түйсігіне жеткізе алды.

Тренинг позитивті түрде өтті және Қырғызстандық әріптестер де өзгелерге жағымды әсер қалдырды.

И. Халитова