pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!

Jh78.05.2019 ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталған Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Іс-шараны ОЖжМҚ бөлімінің кітапхана ісі жөніндегі бас маманы Н.А.Қарабалаева дайындаған баяндамасымен бастап, жыл өткен сайын Отан үшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда екеніне тоқталып өтті.

 

Бұдан кейін институт директорының міндетін уақытша атқарушы, п.ғ.к. И. Халитова құттықтау сөз сөйлеп, бұл мерекенің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті. 9-мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Биыл осы соғыстың аяқталғанына 74 жыл болыпты. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешудеміз.

Іс-шара соңында «Ардагерлерді ардақтайық» қайырымдылық іс-шарасына атсалысқан институт ұжымына ардагерлермен түскен естелік суреттерден үзінділер көрсетілді.

Н. Қарабалаева