pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

«Ардагерлерді ардақтайық» қайырымдылық акциясы

AZ06.05.2019 ж.«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жыл сайын дәстүрге айналған «Ардагерлерді ардақтайық» қайырымдылық іс-шарасын өткізді. «Нұр Отан» партиясының «Білікті ұстаз» филиалы бастауыш партия ұйымының хатшысы Н.Ә.Қарабалаева бастаған институт ұжымының өкілдері – Ултанбаев Ж. Е., Ыбраева А.Қ. Г. Кеніштайқызы Алматы қаласы, Әуезов ауданының тұрғындары, Ұлы Отан соғысының батырлары: Керімқұлов Жаңбырбай Керімқұлұлын, Асқарбаев Жарқошы Наурызбайұлын, Абдулов Иван Акимовичті, Холкина Варвара Федоровнаны, Шаповал Григорий Ефимовичті Жеңіс күнімен құттықтап, сыйлықтарын ұсынды.

Жастық шағын майдан даласында өткерген ардагерлер отты жылдарды еске алды... Мерекемен құттықтап келген ұрпағына ризашылық сезіммен алғыстарын білдірді.

Рухты сөздерге жігерленген институт қызметкерлері жарқын өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысы жауынгерінің ерлігіне тағзым етті. Иә, біз еліміздің еркіндігі мен ұрпағының бақытты күндері үшін күрескен батыр бабаларымызды ешқашан ұмытпақ емеспіз. Батырлар даңқы өшпейді. Институт ұжымы бұл жобаны әрі қарай жалғастыра береді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ