pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Алматыда «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсына қатысушылар үшін семинар өтті

1Bfpy1 наурыз күні Алматы қаласында бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің өңірлік «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы басталды.

                Конкурс мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану бойынша тиімді практикаларын және озық тәжірибелерін таныстыру мен тарату формаларының бірі болып табылады.

 

Конкурсты ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

Конкурс жұмыстарын дайындау және жетілдіру бойынша әдістемелік және техникалық көмек көрсету мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлерінің қатарынан кураторлар тағайындалды.

                Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 2 мамырында инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Жаримбетова Гульсара Касымбаевна конкурсқа қатысу мәселелері бойынша әдістемелік семинар ұйымдастырды.

                Семинардың мақсаты қатысушыларға конкурстық материалдарды дайындау, конкурсты өткізу ережесі мен тәртібі туралы түсіндіру, видеоматериалдардың техникалық сипаттамаларымен таныстыру болып табылды.

                Семинар барысында конкурс ережесіне сәйкес видеоматериалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар, конкурстық материалдарды ұсыну тәртібін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

                Семинарға 17 педагог қызметкер қатысты, оның ішінде 11 – технология пәнінің мұғалімі, 6 – бейнелеу өнерінің мұғалімі.

                Конкурсқа қатысушылар өздерінің сұрақтарын қоюға және ұйымдастыру комитетінің кеңесін тыңдауға мүмкіндік алды.

Бельгибаева М.Б., зертхана меңгерушісі