pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау

6rj23 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өндірістік революция жағдайында дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бірлесіп «Латын әліпбиіне көшу тарихи таңдау» атты Республикалық ғылыми-теориялық online конференция өткізді.

Латын әліпбиіне қатысты сан-түрлі сауалдар мен өзекті мәселелерді

40ой-талқысынан өткізуге арналған online конференцияға Қазақстанның барлық өңіріндегі тіл мамандары және Алматы қаласының мұғалімдері қатысты. Латын графикасын құрастырушы ғалымдарға қазақстандық мұғалімдер тарапынан 60-тан астам сұрақтар қойылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ директоры Садвакасова Раиса Аждаровна алғы сөзінде «Латын әліпбиіне көшу – жалпыұлттық мемлекеттік реформа. Осы реформаны жүзеге асыруда қазіргі заманғы білім беру үрдісінің ерекшеліктерін түсіндіру, латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша алқалы жиынға қатысушы қонақтар мен зиялы қауым өкілдері ұтымды пікір, тиімді ұсыныстарымен бөліседі. Тарихи тамыры тереңде жатқан тілімізді түлетіп, уақыт талабына сәйкес бірлікте еңбек етсек, қателіктерге бой алдырмай, нақты жетістіктерге қол жеткіземіз» – деп конференция жұмысының сәтті өтуіне ізгі тілегін білдірді.

Іс-шараның бірінші бөлімінде ғаламтор желісі арқылы Америка, Пенсильвания штаты Суортморск университетінің профессоры, PhD доктор, лингвист Джонатан Уашингтон Латын әлипбиіне көшу туралы ой-пікірі мен ескертулерін қазақ тілінде жеткізді. Сонымен қатар Түркия, Еге Университетінің профессоры, ф.ғ.д. Mustafa Öner «Қазақ тілі үшін тәуелсіз әліпби, тәуелсіз емле және тәуелсіз емле туралы көзқарастар», Польша, Варшава университетінің шығыстану факультетінің докторанты Вячеслав Чернев «Жаңа қазақ брайльінің ерекшеліктері», Америка, Уисконсин университетінің профессоры, Назарбаев Университеті Қазақ тілі және түркітану кафедрасының басшысы Юлай Шамилоғлу «Еуропа тілдері көз қарасынан жаңа қазақ латын әліпбиі», Халықаралық Түркі академиясының профессоры, ф.ғ.д., Кадыралы Конкобаев «Түрік әдеби тілдерінің әліпбилері» тақырыптары бойынша өзекті мәселелерді қозғап, өз тәжірибелерінде сыннан өткен тиімді әдістерді ортаға салды.

«Жаңа әліпбидің ғылыми-теориялық мәселелері» тақырыбына жалғасқан конференцияның екінші бөлімінде: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филол.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА корреспондент мүшесіҚажыбек Ерден Задаұлы«Тілдік реформа-рухани жаңғыру негізі», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д., проф. ҚР ҰҒА академигі Айтбаев Умирзак«Рухани сілкініс немесе қазақ жазуының күні туды», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д., проф. Уәли Нұргелді Мақажанұлы «Қазақ орфографиясындағы түйінді мәселелер», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д., проф. Жүнісбек Әлімхан «Латын әліпбиінің теориялық негіздемесі», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Ономастика бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.д., проф. Рысберген Қыздархан Құрмашқызы «Ономастикалық атауларды латын графикасында таңбалау мәселелері», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Терминология бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.д. Айдарбек Қарлығаш Жамалбекқызы «Латын әліпбиі және терминжасам ұстанымдары», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Грамматика бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.д. Жубаева Орынай Сағынғалиқызы «XX ғасырдың басындағы терминжасам ұстанымдары (1929 жыл)», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Компьютерлік лингвистика бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.д. Жанабекова Айман Абдильдаевна «Қазақ жазуын модернизацияландырудың статистикалық негіздері», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Лексикология бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.к. Амирбекова Айгул Бадебековна «Жаңа емленің жетістіктері», «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі филол.ғ.к., доцент, Арзиев Руслан Уйгурович «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі және Қазақстандағы диаспоралардың әліпбиі мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Тіл білімі саласының көрнекті ғалымдары конференцияға қатысушы тіл мамандарының сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелерді талқылау үшін осындай маңызды іс-шараны ұйымдастырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ ұжымына алғыс білдірді.