pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

«Айдың үздік қызметкері»

User Rating:  / 0
PoorBest 

 

_Куантай.jpg

Елге келген індетпен күресте еңбегі ерекше!

«Айдың үздік қызметкері» байқауының 2021 жылғы наурыз айының қорытындысы шығарылып, конкурсты өткізу тәртібі туралы ереженің критерийлеріне сәйкес, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының арнайы құрылған комиссия шешімімен үздік қызметкер атағына Әкімшілік- ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарманың бас инженер міндетін атқарушы Балгожаев Куантай Ашимович лайық деп танылды.

Балгожаев Куантай Ашимович 1968 жылы 30 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Сергеевка ауылында дүниеге келген.

1975 жылы Жангелді атындағы орта мектепке барып 1985 жылы 10 жылдық мектепті тәмамдаған.

1988-1994 жылдар аралығында Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтына түсіп, малдәрігерлік мамандығын бітірген.

1997-1999 жылдар аралығында Абай атындағы мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы бойынша білімін жетілдірген.

Еңбек жолын әр салада атқарып келген Куантай Ашимович қай салада болмасын кәсібіне адал, ісіне тыңғылықты жан. Ұжымда және кәсіптестер арасында сый құрметке ие.

14.03.2016 жылдан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ шаруашылық жағын бірнеше жыл басқарған кәнігі маман институттың «Ұстаздар Үйі» атанған киелі шаңырағын көтергенде бастаған ерекше белсенділігін әлі күнге бір сәт те бәсеңсіткен емес. Қызметі өссе де қарапайымдылығын жоғалтпаған қайырымды жан институттың техникалық қызметкерлеріне қамқор да, талапкер басшы қалпынан таймай келеді. К. Ашимовичтің осы талапшылдығы арқасында «Ұстаздар Үйіне» бас сұққан әрбір жан, әсіресе осында білімін жетілдіруге келген ұстаздар қауымы ғимараттың тазалығына таң қалысып жатады. Айтса айтқандай, шашасына шаң жуытпас тазалықты сүйетін еңбекқор жанның елге келген індетпен күресте еңбегі ерекше! Жылдан-жылға ауысып, ізімізден қалмай келе жатқан бұл індетпен күресте дәрігерлердің жөні бөлек шығар, дегенмен осы «майданда» тазалыққа жауап беретін техникалық қызметкерлердің еңбегі көп жағдайда ескерілмей жатады. Осы бір қиын кезеңде еңбектері еселенген әріптестеріміздің еңбегін ұжымдағы әрбір қызметкер тазалықтың лебі ескен ғимаратымыздың ауласына кіргеннен-ақ, жолай ілескен «вирус» деген пәледен тазарып қалғандай күй кешетінін тілге тиек етеді. Бұл дегеніңіз К. Ашимовичтың басшылығымен таңсәріден тынбай еңбек еткен техникалық қызметкерлердің ерен еңбегі!

Ендеше, адал еңбек ешуақытта ескерусіз қалмаса керек! «Үздік» деген атаққа әрқашанда лайықтысыз, Куантай Ашимович!

Ш. Битен

DbrfКайдакова Виктория Юрьевна – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, халықаралық санаттағы тренер.

ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссиясы Кеңсесінің шақыруы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында билингвалды және көптілді білім беруді енгізу бойынша жоба жұмысын басқарады.

ЕҚЫҰ-ның билингвалды, көптілді білім беру бағдарламалары бойынша дәріскер-тренер болып табылады;

- ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру жөніндегі тренер;

- бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған жаңартылған бағдарлама бойынша тренер;

«Өзін-өзі тану»адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша тренер;

2016 жылдан келесі эксперименттік алаңдардың ғылыми жетекшісі:

- бастауыш мектептің оқу үдерісіне инновациялық білім беру технологияларын апробациялау бойынша;

- мектепке дейінгі ұйымдардың ұйымдастыру-оқу қызметіне ертегі терапиясын енгізу бойынша.

Мектептегі квесттер мен кейстерді жасау және өткізу бойынша бағдарламалар мен сабақтардың, функционалдық сауаттылық және 4 к моделін енгізу бойынша тапсырмалардың әзірлеушісі болып табылады.

Қазіргі уақытта білім беру процесін геймификациялау бойынша «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы Квесттер» тақырыбында курстар жүргізуде.

 

a16e816f-ecc4-456e-9dff-2fb55cc09818.jpg

 

Айдың үздік қызметкері 

«Айдың үздік қызметкері» байқауының 2021 жылғы қаңтар айының қорытындысы шығарылып, конкурсты өткізу тәртібі туралы ереженің критерийлеріне сәйкес, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының арнайы құрылған комиссия шешімімен үздік қызметкер атағына Қаржы бөлімнің бас маманы Дуйсенова Салтанат Елубаевна лайық деп танылды.

Дуйсенова Салтанат Елубаевна 1989 жылы 10 ақпанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Қ. Сарымолдаев атындағы мектепке барып, 2006 жылы 11 жылдық мектепті ойдағыдай бітіріп шықты. Мектеп бітіре салысымен жоғарғы оқу орнына түссем деген таудай талабы жолында білімге қанат қағып, 2006-2010 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) экономика факультетінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білімін жетілдіреді.

Еңбек жолын 2012 жылдың 01 қарашасынан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ Қаржы бөлімінде бастаған жас маман күні бүгінге дейін осы бөлімде қызмет етіп келеді. Өз кәсібіне адал, әр ісіне тыңғылықты жас әруақытта білімін жетілдіре түсіп, тәжірибе жинақтаудан бір жалыққан емес. Ол жанұя жанашыры, сүйікті жар, қамқоршы ана, сүйкімді келін, сыйлы әріптес!

 

1ааа.jpgЖелтоқсан айында комиссия шешімімен «Айдың үздік қызметкері» байқауын өткізу тәртібі туралы ереженің критерийлеріне сәйкес әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарманың қызмет бөлмелерін жинаушысы Жапсарбаева Бейбітгул Дауленхановна жеңіп алды.

1973 жылы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп табалдырығын аттаған елгезек те бауырмал Бейбітгул Дауленхановна сыныптастарына сыйлы, ұстаздарына сүйкімді болды. 1983 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін еңбекке ерте араласты.

Сонау сексенінші жылдардан басталған еңбек жолы әр салада өрбіді. Еңбектің қай түрінен де қаймықпай, ысыла түсті. Қайнаған еңбектің ортасында жүріп, тұрмысқа шықты. Бала сүйіп, мейірімді әже атанды.

Б. Жапсарбаева «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ 2017 жылдың 9 қаңтарында қызмет бөлмелерін жинаушы болып жұмысқа қабылданды. Бүгінде өз кәсібіне өте адал, әр ісіне тыңғылықты жан «Ұстаздар Үйінің» тазалығына, әсіресе адамзат әлемін қорқынышты вирус жайлаған тұста оның санитарлық нормаларының сақталуына атсалысқан бірден-бір жан. Берілген тапсырмаларды уақтысымен орындайды. Ұжымдағы әріптестері арасында сый құрметке ие.

 В декабре решением комиссии конкурса «Лучший работник месяца»  в соответствии с критериями положения о порядке проведения конкурса выбрана техничка служебных помещений управления по административно-организационным вопросам Жапсарбаева Бейбітгул Дауленхановна.

В 1973 году Бейбитгуль Дауленхановна, переступила порог средней школы имени Валиханова, где ее уважали одноклассники и любили учителя. После окончания средней школы в 1983 году она рано начала работать. Трудовой путь, начавшийся в далеких восьмидесятых годах, разворачивался во всех сферах. Она не боялась никакой работы. В те же годы она вышла замуж и сейчас счастливая мама и любящая бабушка.

Б. Жапсарбаева была принята на работу техничкой служебных помещений филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по г. Алматы 9 января 2017 года. Она очень предан своей профессии, усерден во всем и вносит свой вклад в чистоту «Дома Учителя», особенно к соблюдению санитарных норм, когда человеческий мир охвачен страшным вирусом. Своевременно выполняет поставленные задачи.  Пользуется уважением среди коллег в коллективе. 

 

 Қараша айының үздік қызметкері

IMG 4929 1

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ қараша айының қорытындысымен «Айдың үздік қызметкері» байқауы жеңімпазы анықталды. Конкурс қызметкерлердің мансаптық өсуін ынталандыру, олардың кәсіби деңгейін арттыру, қызметкерлердің кәсіби белсенділігін арттыру, белсенді, жоғары кәсіби, бастамашыл қызметкерлерді қоғамның кадрлық резервіне енгізу мақсатында өткізіліп отырған бұл конкурсқа барлық қызметкерлер ұйым басшылығының, құрылымдық бөлімше басшысының ұсынуы немесе қызметкердің жеке өтініші негізінде қатысады.

Қараша айында комиссия шешімімен «Айдың үздік

қызметкері» байқауын өткізу тәртібі туралы ереженің критерийлеріне сәйкес институттың Оқу ісі және мониторингтік қызмет бөлімінің бас маманы Кыстаубаева Жанар Нагаметовна лайықты деп танылды. 

Кыстаубаева Жанар Нагаметовна мұғалім және әдіскер ретінде дайындалған, осы технологияны қолдана отырып әзірленген 9 басылымның авторы және бірлескен авторы.

2005-2009 ж.ж. Алматы қ. Республикалық біліктілікті арттыру институтында қазақ және ұйғыр тілдерінде оқытатын мектептердің орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскері қызметін атқара жүріп 14 әдістемелік ұсынымдар мен құралдар шығарды.

«Ақпараттық технологиялар және мектеп қызметін ұйымдастырудағы жаңа педагогикалық тәсілдер» қалалық педагогикалық инновациялар фестиваліне қатысып, PISA тестілеу тобының жетекшісі (2009 ж. - бір топтың жетекшісі – ҚР БҒМ Білім сапасын бағалау ұлттық орталығының алғыс хатын алды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Майкрософт Қазақстан арасындағы білім беру жүйесіндегі заманауи технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде Microsoft модульдік оқыту тренингіне қатысушы болды.

2010-2011 ж.ж. - Алматы қ. ПКҚ БАИ басшы кадрлар кабинетінің меңгерушісі. Мектепішілік және сыртқы аудит бойынша әртүрлі республикалық және қалалық іс-шараларға қатысты.

2016-2019 жылдары-орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша ПК курсының тренері қызметіндегі еңбек нәтижелері бойынша мақалалары халықаралық, республикалық деңгейде жарияланып тұрды.

2020 жылдан бастап институттың Оқу ісі және мониторингтік қызмет бөлімінің бас маманы.

Халықаралық және республикалық деңгейде 30-дан астам ғылыми мақалалар мен әдістемелік құралдары жарық көрді.

ҚР БҒМ және білім беру сапасын бағалау ұлттық орталығының алғыс хаты, Алматы қаласы Білім департаментінің Құрмет грамоталары мен педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру ұйымдарының грамоталарымен марапатталған.

Әріптесімізді «Айдың үздік қызметкері» құрметті атағына нағыз лайықты қызметкер ретінде танылған жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңізге жеміс, деніңізге саулық тілейміз.

Ш. Битен