pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Үздік ұстаз

User Rating:  / 0
PoorBest 

Үздік ұстаз

Жазғы демалыс кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша Алматы филиалы қаланың үздік мұғалімдерімен ынтымақтастықта жұмыс жасап, 1-11 сынып аралығында химия және ағылшын тілі пәндері бойынша бейнесабақтар дайындады.
Мұғалімдер кезекті еңбек демалыстарына қарамастан оқу бағдарламасы талаптарына сәйкес жазылған және сараптамадан өткен Цифрлық сабақтарды әзірлеуге қатысты. Бұл сабақтар еркін әрі қолжетімді түрде «Өрлеу» YouTube білім беру арнасында беріліп тұрды.
Мұғалімдер күнін мерекелеуге орай 2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу»БАҰО» акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы филиалында бірегей цифрлық бейнесабақтар әзірлеген мұғалімдерге ҚазПАТЕНТ-тің авторлық құқық туралы куәліктері және кәсіби мерекеге орай Құрмет грамоталары тапсырылды.

https://www.facebook.com/orleuAlmaty/videos/810479163059006/

«Өрлеу» YouTube білім беру арнасында

https://www.facebook.com/orleuAlmaty/videos/1734513696726064/

 

Үздік ұстаз

Мен Ұстаздар әулетінің жалғасымын!

1111111Мұғалімдер өз өмірлерін балаларды тәрбиелеуге және жан-жақты дамытуға арнайды, және олар бұл қасиетті өз балаларына беруге тырысады. Осылайша әулеттер пайда болады. Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында педагогтар әулетін жалғастырған Ұзенбек Даурбекті таныстырамыз.

Мен Ұстаздар әулетінің жалғасымын!

Қоғамда жеке тұлға болып қалыптасуымызға бірден-бір себепкер болатын мұғалімдік кәсіптің жауапкершілігі де жоғары. Екі ғасыр бұрын, яғни XIXғасырда адамзат баласы ұстаздарға арналған жеке мейрам беруді алға қойды. Нәтижесінде бүгінгі күні бұл мейрамды Халықаралық деңгейде 5 қазан ал республикамызда қазан айының бірінші жексенбісінде Мұғалімдер

 

күні мерекеленеді.

Ұстаздық ету – әлемде кеңінен таралған мамандықтардың бірі. Бүгінгі күнде өткен ғасырға қарағанда ұстаздар корпусы екі есе өскен. Елімізде еңбек өтілі ғасырларға ұласқан ұстаздар династиясы жетерлік. Менің атам Әсілбеков Өзенбек Әсілбекұлы, апам Рыспаева Күланда Сәлімбайқызы 1960-шы жылдары мұғалімдік кәсіпте еңбек жолын бастаған. Білім беру саласында үздіксіз еңбек етекен атам мен әжем үш ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірді. Екі ұл, төрт қызы бүгінде білім беру жүйесінде табысты еңбек етуде. Ұстаздық кәсіпті таңдаған немерелері де білім беру мекемелерінде еңбек жолын жалғастыруда.

Өзенбек атам бұрынғы Шымкент облысына қарасты Ильинка ауылында тарих пәні және алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі болды. Күләнда апам осы мектепте қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен сабақ берген. 40 жылдан астам уақыт шәкірттерге білім берді. Өздерінің ізбасар буынын қалыптастырды. Атам мен әжемнің ұл-қызадырның бірі жоғарғы оқу орындарында дәріс жүргізсе, бірі мектепте. Менің әкем де мұғалім. 1997 жылдан бері өзінің ата-анасы еңбек еткен (Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Керейт ауылындағы Ордабай Ағыбайұлы атындағы) мектепте қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен сабақ беруде. Ал, анам болса осы мектепте математика пәнінен сабақ береді. 20 жыл ұстаздық еткен жылдар ішінде қаншама шәкіртті оқытып, олардың еліміздегі беделді жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуіне көмектесті. Ал, мен ұстаздар әулетінің жағасы ретінде қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде білім алудамын. Мен Ұстаздар әулетінің жалғасымын!

Болашаққа нақты қадам жасау – бұл ең алдымен білімнің жеткілікті болуы. Ал, сол білімді жинақтауда бізе өз көмегін аямаған ұстаздарымыздың еңбегін ұмытпай, құрмет көрсету біздің адамгершілік парызымыз. Мектеп табалдырығынан түлеп ұшсақ та, жоғарғы оқу орнын аяқтасақ та ұстаз алдында өзіміздің шәкірт екенімізді ұмытпайық. Ұстаздар күні құтты болсын!

Өзенбек Дәуірбек