pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Пікір

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік... .Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген ... .

               Міне,бүгін біліктілігімді көтеру курсын да аяқтап қалғанымызға өзім де сенбей отырмын. Жоғарыдағы Абай атамыздың айтып кеткен қарасөзіндегідей, сәуір айының басында білсем, көрсем деген жан құмарымен «Өрлеу» баспалдағын аттаған едім. Біліктілікті арттыру курсын оқу нәтижесінде теория және тәжірбие жүзінде білім алып, көздеген мақсатыма жеттім. Курс мен үшін тартымды, қызықты өтті. Күн сайын әр түрлі мәліметтер алып, өз қажеттілігімді таба алдым. Осы курсты ұйымдастырушылар мен тренеріміз Ибраева Жанарға білдірер алғысым шексіз!!!

Толығырақ...

Пікір

   Мен, Джабулаев Мақсат Габдулманапұлы 01.04.2019 – 26.04.2019 жыл аралығында қазақ тілі және әдебиеті пәнінен «Жаңартылған оқу бағдарламасы» бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы қаласы бойынша филиалында курстан өттік. Теренеріміздің аты-жөні Ибраева Жанар Мухаметкалиевна. Осы курс барысында біз тренерімізден жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша көп нәрсені үйрендім. Атап айтқанда, пән бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, критериалды бағалау жүйесін оқу мақсатына сай құрастыру мен қолдануды, қолданылған әдістердің оқу мақсатына жету үшін тиімді етіп құрылуын үйрендім.

Толығырақ...

Пікір

Ибраева Жанар Мухаметкалиевна оқу-тәрбиелік, жаңартылған бағдарлама базасы бойынша толық мағлұмат білетін қабілеті жоғары әрі соны түсіндіру, толық меңгертудің кәсіби методын іске асыра алатын тренер. Менің курсқа қатысуым алғаш, 1 сәуір мен 30 сәуірге жалғасқан курс барысында жаңартылған білім беру мазмұнының толықтай қыр-сырын, мәнін, мазмұнын толықтай түсіндім. Курстың алғашқы күнінен соңғы күніне, сағатына дейін үздіксіз білім алуымыз, іс-тәжірибемізбен алмасуымыз толықтай жүргізіліп отырды.

Толығырақ...

Пікір

Біз осы оқу барысында қазақ тілін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс тыңдап, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес әртүрлі әдіс-тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендім.

Тренеріміз "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, кафедра меңгерушісі  Жанар Ибраева өзінің өте білімділігімен қатар өз ісінің шебері, еңбекқор, сонымен қатар талапшыл маман екендігін көрсете отырып, алдыңғы білімді өткен біліммен салыстыра ұштастырып, әр тыңдаушыға жетік меңгерте алды.

Толығырақ...

Алғыс хат

IMG-20170529-WA0005