pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Институт туралы

User Rating:  / 0
PoorBest 

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы ПҚ БАИ миссиясы – Қазақстан Республикасының  білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында  Алматы қаласы бойынша мектепке дейінгі, орта мектеп,  кәсіби және техникалық білім беру ұйымдары педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін көтеру.

 «Өрлеу» БАҰО» ПҚ БАИ АҚ филиалының басты міндеті –педагогикалық қызметкерлердің қалыптасу үдерісін  білім мазмұнының  жаңаруымен  ҚР білім  беру жүйесінің-бастапқы  бағыттарын және педагогикалық  теория және тәжірибе  аясында ғылыми  жетістіктерімен  өскелең  ұрпақты оқытудағы  және тәрбиелеудегі инновациялық  технологияларды қолдануды  ғылыми-әдістемелік  жағынан жетекшілік ету.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы ПҚ БАИ -дың мақсатқа сәйкес келесі міндеттері анықталды:

-                     «ҚР білім туралы заңы», мемлекеттік білімді дамыту бағыты  2011-2020жж,  «ҚР үздіксіз білім беру жүесінде тәрбиелеу тұжырымдамасы»

«Патриоттық  тәрбие берудегі мемлекеттік бағдарлама», 2012-2020 жж. арналған  ұлттық іс-әрекет  жоспарында оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту бағдарламалары , білім беру , көптілділік  «Жолдау-  2050»  байланысты;

 - оқытылатын курстар  бойынша  (оқу әдістемелік кешен) құрастыру және оны баспаға дайындау;

- Алматы қаласы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің оқыту үдерісіне «Назарбаев зияткерлік мектебі» тәжірибесін енгізу;

- оқытудағы инновациялық педагогикалық және ақпаратты-коммуникативті технологияларды қолдану;

- курс тындаушыларына өзіндік ( жоба) іс-әрекетті ұйымдастыру формасын енгізу;

- педагогикалық кадрларды 12 жылдық мектеп модулі  бойынша  дайындауды іске асыру, мазмұнын жаңалау, біліктілікті арттыру формасын  жоғарғы деңгейде  бағыттау;

- оңтайлы әдістемелік  көмекті ұйымдастыру  заманауи  әлеуметтік  серіктестік және тәжірибелік  жұмыс арқылы  қалыптастыру;

- республикадағы және жақын,алыс шетелдегі білім беру  ұйымдарымен  қарым-қатынас жасау.

 Жұмыстың негізгі  бағыттары  Т және КБ және мектепте білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріндегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесі бойынша: қала педагогтерінің кәсіби білімін тереңдету, ғылымдағы, техника мен педагогикадағы жетістіктерді білім беру процесіне енгізу,сонымен қатар басым бағыттар бойынша даму бағдарламаларының өзекті деп табылатын бағыттарын енгізу.