pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың ұтымды жолын қарастырған дөңгелек үстел

User Rating:  / 0

DSC 02462015 ж. 29 қазанда Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №81 мектеп-гимназия директоры Кокебаева Гулмира Серікқалиқызының қолдауымен «Оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудың дәстүрлі емес әдіс-тәсілдері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Толығырақ: Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың ұтымды жолын қарастырған дөңгелек үстел

CLIL қолданыста

User Rating:  / 0

20151029 1056192015 жылдың 28 қазанында №95 ЖББМ базасында көптілді білім беруді дамытуды тәжірибеден өткізу мақсатында, математика пәнінен ағылшын тілінде, математика пәнінің мұғалімі Е.В.Михайличенко (Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ курсында В1 деңгейін оқуда) және жобаның ассистент-модераторы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.А. Цой «Геометриялық фигуралар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқытудың белсенді әдістері кеңінен пайдаланылды. Сыныпта әр түрлі форматтарда мұғаліммен, жұптасып, топпен жаппай өзара белсенді жұмыс жасалып, терминологияға және функционалды тілді дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар тапсырмаларды ағылшын тілінде орындады, топпен бірігіп жасалған презентацияларды көрсетіп, терминдердің дефиницияларын айтты.

Толығырақ: CLIL қолданыста

Soft CLIL форматындағы ашық сабақ

User Rating:  / 0

IMG 20151028 1431312015 ж. 28 қазанда №28 мектеп базасында 2 сынып оқушыларымен ағылшын тілі мұғалімі М.М.Сатанова ағылшын тілін оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту сол сияқты педагогикалық процессте курстық бағдарламалардың әдістері мен инновациялық технологияларын енгізуді оңтайландыру мақсатында ашық сабақ өткізді. Сабақ "Nature" тақырыбы бойынша soft CLIL форматында (ағылшын сабағында табиғаттану және сурет сабағын интеграциялау) өтті. Мұғалім біліктілікті арттыру курсында алған білімі мен дағдыларын тәжірибесіне шеберлікпен қолданды. Пәндік және тілдік мақсаттар айқын белгіленген. Сабақтың мазмұны табиғатты аялауға бағытталған.

Толығырақ: Soft CLIL форматындағы ашық сабақ

APTIS тестілеуін өткізді

User Rating:  / 0

DSC 0004Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғарғы сынып пәндерін (информатика, физика, химия, биология) ағылшын тілінде оқыту жобасы аясында 21-22 қазан аралығында Британ Кеңесі мен Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ бірлесіп пән мұғалімдерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейін тексеру үшін APTIS тестілеуін өткізді. Тестілеуден 42 мұғалім өтті.

Толығырақ: APTIS тестілеуін өткізді

Қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар: «ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ САПАЛЫ БІЛІМ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ»

User Rating:  / 0

05«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ сынып жетекшілеріне арналған «Отбасының тәрбиелік әлеуетін көтеру бойынша сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс тыңдаушылары үшін PISA халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау әдістерін пән мұғалімдеріне оқыту мақсатында«Оқушылардың функционалдық сауаттылығы сапалы білім көрсеткіші ретінде» қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды (19.10 – 23.10.2015 ж.). Іс-шара барысында PISA халықаралық зерттеулері бойынша Институт тренерлері: ПҚБАИ аға оқытушысы А.Е. Ракишева, ИТжЖҒ(Г)ПОӘ кафедрасының жетекшісі, п.ғ.к. И.И. Халитова, МКДӘЖЕ кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.  Қоңырова А.Т., ПҚБАИ аға оқытушысы Бексеитова Э.Ө. арнайы бағыттары бойынша тренингтер өткізді.

Толығырақ: Қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар: «ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ САПАЛЫ БІЛІМ...