pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

ZOOM платформасында оқыту семинары

User Rating:  / 0

1111111122 щілдеде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ тренерлері үшін ZOOM платформасында оқыту семинары өтті, олар 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап қашықтықтан оқыту форматында орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізуді бастайды.

Мұндай курста оқу күніне онлайн форматында 4 академиялық сағат және тыңдаушылардың оқытушымен (жаттықтырушымен) өзіндік жұмысы түрінде 4 академиялық сағат кіреді. Барлығы 8 академиялық сағат.

Толығырақ: ZOOM платформасында оқыту семинары

Мақсат – курсты сапалы өткізу

User Rating:  / 0

WhatsApp Image 2020-07-17 at 16.02.3617 шілде күні «Қашықтықтан оқыту жағдайында мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу туралы әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Оқу жұмысы және әдістемелік қамтамасыз ету департаментінің директоры Керимбаева Эльмира Саметовна және Мектепке дейінгі білім, орта білім және қосымша білім беру бөлімінің бастығы Мурзамадиев Жарас Бекболатұлы ZOOM платформасында семинар ұйымдастырды. Семинарда "Педагогикалық өлшеулер орталығының" өкілі Асхат Қуатұлы «Онлайн форматта сабақты жоспарлау бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру» мәселелерімен жан-жақты таныстырды. Сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ директорының ОӘЖЖ орынбасары Сафуллин Елдос Набиоллиевич

Толығырақ: Мақсат – курсты сапалы өткізу

Тренерлермен өткен жиналыс

User Rating:  / 0

Собрание20.07.2020 ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Садвакасова Р. А., оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Халитова И. И. тренерлермен жаңартылған білім беру бағдарламасы туралы жиналыс өткізді.

Жиналыс мақсаты жаңартылған бағдарламаға байланысты барлық пән тренерлерімен ZOOM платформасында курс өткізу бағытын белгілеу және алдын-ала тыңдаушылардың курсқа қатысу денгейін, сағат санының орындалу барысын қадағалау мәселелерні талқылау. Жиналыста тренерлер өз пікірлерін ұсынып, көпшілікте талқылады. ИББжАТ кафедра меңгерушісі Арзиева А.Т. 2 сағат онлайн дәріс, 2 сағат тренермен өзіндік жұмыс болсын деген ұсыныс білдірді.

Толығырақ: Тренерлермен өткен жиналыс

Курс туралы тыңдаушылар пікірі

User Rating:  / 0

21.07.2020-1«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ-да «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында онлайн режимінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары өтті. Курсты кафедра меңгерушісі Арзиева Алия Тохтамысовна жүргізді. Курс тыңдаушыларының қатарында Алматы қ. № 176 МГорыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н. Р.Абдувалиева болды.

«Біріншіден, Алия Тохтамысовна таныстыратын әрбір жаңа тақырып нақты, мұқият, көрнекі түрде әзірленген. Екіншіден, әрбір слайдта көптеген ақпараттар, қызықты фактілер және ең бастысы – маңызды және қажетті ресурстар қарастырылған. Үшіншіден, жаттықтырушы нәтижеге жұмыс істейді, сабақты анық және қолжетімді түсіндіреді, барлық сұрақтарға жауап

Толығырақ: Курс туралы тыңдаушылар пікірі

Қашықтықтан оқытуды әдістемелік қолдау

User Rating:  / 0

WhatsApp Image 2020-07-19 at 18.30.30Маусым айынан бастап Өрлеуліктер курс сабақтарын өткізумен қатар жаңа оқу жылының дайындығына кірісіп кетті. Қашықтықтан оқытуды әдістемелік қолдау мақсатында Қазақстан бойынша барлық филиал оқытушылары пән мұғалімдерімен бірлесіп цифрлық сабақтар түсіруді бастады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ үлесінде ағылшын тілі 8-11 сынып және химия 7-9 сынып сабақтарын әзірлеуде.

Химия пәні оқушылардың түсінуіне қиын деп айтады. Мұны кез келген адаммен сөйлескенде осы пәнді мектепте оқу маған қиынға соғушы еді деген пікірлерді естіп жүрміз. Сондықтан қашықтықтан оқу кезінде, онсыз да қиын пән деп есептелетін химияны, оқушылардың түсінуіне, қызығуына,

Толығырақ: Қашықтықтан оқытуды әдістемелік қолдау