pkso

KZ        RU

«Мен әлемді танимын» атты зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы

Робототехника

Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіндегі тілдер полифониясы: мәселелері және болашағы

                       
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау

User Rating:  / 0

23 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өндірістік революция жағдайында дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бірлесіп «Латын әліпбиіне көшу тарихи таңдау» атты республикалық ғылыми-теориялық онлайн конференция өткізді.

Латын әліпбиіне қатысты сан-түрлі сауалдар мен өзекті мәселелерді ой-талқысынан өткізуге арналған онлайн конференцияға Қазақстанның барлық өңіріндегі тіл мамандары және Алматы қаласының мұғалімдері қатысты. Латын графикасын құрастырушы ғалымдарға қазақстандық мұғалімдер тарапынан 60-тан астам сұрақтар қойылды.

Толығырақ: Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау

«Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» тақырыбындағы республикалық on-line семинар

User Rating:  / 0

2018 жылғы 30 мамырда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» тақырыбындаon-line режимінде республикалық семинар өткізді.

Семинарға қатысушылар: орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер, педагогтар, білім беру бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының өкілдері және осы мәселеге қызығушылық танытқан тұлғалар.

Республикалық on-line семинарға қатысушылар саны: 47 адам.

Семинар мақсаты: білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелік үрдісіне Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын енгізу жолдарын қарастыру.

Толығырақ: «Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» тақырыбындағы республикалық on-line семинар

«Инклюзивті білім беру жағдайында мектептегі психологиялық қызмет жұмыстары» қалалық семинары

User Rating:  / 0

2018 жылы 26 сәуір күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы «Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдері мен психологтарына арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында мектептегі психологиялық қызмет жұмыстары» қалалық семинар өтті.

Семинар жұмысына 170-ден астам педагогикалық қызметкер қатысты: психологтар, логопедтар, инклюзивті білім беруді іске асыратын бастауыш сынып мұғалімдері, сонымен қатар білім басқармасының, білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының өкілдері, білім беру ұйымдарының жетекшілері.

Толығырақ: «Инклюзивті білім беру жағдайында мектептегі психологиялық қызмет жұмыстары» қалалық семинары

«Үштілдік – ұлттық сананы қалыптастыру және рухани жаңғыру» атты пән мұғалімдеріне арналған республикалық дөңгелек үстел өткізу туралы ақпарат

User Rating:  / 0

2018 жылы 25 сәуірде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы «Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Өрлеу» БАҰО» АҚ 2018-2022 жылдарға арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» республикалық жобасын іске асыру жөніндегі жоспарына сәйкес онлайн режимінде «Үштілдік – ұлттық сананы қалыптастыру және рухани жаңғыру» атты пән мұғалімдеріне арналған республикалық дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шара республикадағы білім беру ұйымдарында үштілді білім беруді енгізу мәселелері бойынша сындарлы талқылау және тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. 

Толығырақ: «Үштілдік – ұлттық сананы қалыптастыру және рухани жаңғыру» атты пән мұғалімдеріне арналған...

«М. Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидаларын іске асырудағы халықтық педагогиканың рөлі» қалалық семинары

User Rating:  / 0

«Өрлеу» БАҰО» Акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ Жедел жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылғы 28 наурызда № 152 бөбекжай-балалар бақшасының базасында «М. Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидаларын іске асырудағы халықтық педагогиканың рөлі» тақырыбында қалалық семинар өткізді. Қалалық семинарға Алматы қаласының әрбір аудандарынан мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері, психологтар, тәрбиешілер, музыка жетекшілері мен дене тәрбие жаттықтырушылары қатысты. Қатысушылар саны 40-қа жетті.

Толығырақ: «М. Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидаларын іске асырудағы халықтық...